Жарияланды: 30

Қызылордадағы тікұшақ апаты: Прокуратура қылмыстық іс қозғады

Қызылордадағы тікұшақ апаты: Прокуратура қылмыстық іс қозғады

Кеше Қызылорда облысы Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырап, борттағы 13 адам қаза тапты

Бас прокурордың орынбасары Андрей Лукин Қызылорда облысында әскери тікұшақтың құлауына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оның айтуынша, әуе апатына қатысты қозғалған қылмыстық істер бас әскери прокуратураның бақылауында, түрлі сараптамалар жүргізіліп жатыр.

"Барлық қажетті тергеу амалдарын Қазақстанның бас прокуроры өз бақылауына алды. "Ұшу ережелерін бұзу" бабы бойынша тергеу басталды", - деді Лукин сенат кулуарында.

Еске сала кетсек, кеше кешке Қызылорда облысы Жалағаш ауданында Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады. Әуе кемесі белгісіз себептермен құлап, түгі қалмай жанып кеткен. Әскери тікұшақтың бортында 13 адам болды, олардың барлығы қаза тапты.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін