Қызылордалық келіншек бала-шағасымен Алматы вокзалында түнеуге мәжбүр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордалық келіншек бала-шағасымен Алматы вокзалында түнеуге мәжбүр

Қызылордалық келіншек бала-шағасымен Алматы вокзалында түнеуге мәжбүр

Вокзалдан басқа барар жері қалмаған! Қызылордалық келіншек Алматыдағы теміржол бекетінде бала-шағасымен төрт күннен бері түнеп жүр. Шиеттей ұл-қызын жетектеген оны сот орындаушылары «алиментіңді алып береміз» деп шақыртып алып, өздері еңбек демалысына кетіп қалыпты. Қайтар жолға тиыны жетпеген Ботагөз Бақтыбаева ақыр аяғында балаларымен көше жағалап, жеуге тамақ таппай, құр қара сумен жан бағып жүр.

  • 25 Маусым 2015
  • 359
Фото - Caravan.kz

Алимент ала қаламын деп Алматыға келген қызылордалық келіншек нағыз қаңғыбастың күйін кешкен. Вокзалда түнеп, әркімнен бір тамақ сұрап жүр. Ал тасбауыр әкенің вокзалда қаңғып қалған балаларына да жаны ашымапты.

Ботагөз Бақтыбаева:

— Бір ауыз ең болмаса хабарласып  қайда отырсыңдар, қайда жүрсіңдер деген жоқ. Қалай қайтарымызды білмеймін. Қарны ашады мына екі баланың. Сөйтіп ақыр соңында анау талдардың арасына барып отырдық, қайда қонамыз енді?

Ботагөз күйеуімен осыдан алтын жыл бұрын ажырасқан екен. Алимент төлеттіру жөніндегі сот шешімі сол кезде шыққан. Бірақ алматылық жігіт сол күйі ұстатпай ұшты-күйлі жоғалған. Сот орындаушыларына сеніп келген келіншек енді қайтарға ақша таппай жүр.

-Ахметова Жанна деген шақыртты ғой  осы жаққа. Екі балаңызды әкеліңіз. Екі балаңыз келсе ақша беретін шығар деді маған.Осы жақа келдім, сол сот орындаушыға барсам, ол демалысқа  шығып кетіпті.  Мен енді қалай қайтамын үйге деп ем, бір нәрсе ғып қайтсаңыздаршы. Ренжімеңізші деп айттй  маған… 


Соңғы 500 теңгеге үшеуі осыдан үш күн бұрын тамақтанған екен. Қазір қайырымды жандардың бергенін жеп жүр. Ал алименті сол күйі өндірілмей қалған.Бәрінен бұрын азапты балалар тартқан. Аналарымен қосыла жылап, әлі де әкелерін күтіп жүр. 

-Інім арасында жылайды. Әкем қайда неге тастап кетті деп?  Өскенде бәрібір бізге келеді дедім. Бұлардың көргісі жоқ оны.

Бірақ, алименттен басын ала қашқан әке төрт тәуліктен соң да келген жоқ. Тіпті қайтар жолға теңге де бермей, телефонын сөндіріп тастады.