Қызылордалық шенеунікке қастандық жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордалық  шенеунікке қастандық жасалды

Қызылордалық шенеунікке қастандық жасалды

Қызылордада облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасарына қастандық жасалды. Кеше қарай үйіне келе жатқан шендіні әлдебіреу басынан ағашпен ұрған. Ауыр жараланған Сәкен Серғазиев қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

  • 22 Ақпан 2014
  • 487
Фото - Caravan.kz


Қастандықтың өзі бақылау камерасына түсіп қалған. Таспада 37 жастағы шенеуніктің есігінің алдында тұрған көлігіне келе жатқаны анық көрінеді. Темір тұлпарына отыра бергенде тұтқиылдан шыққан белгісіз біреу басынан ұрып, із суытқан. Есеңгіреп қалған Серғазиев тек туыстарын шақыруға ғана шамасы жетіпті. Ал шендінің туыстары қастандықты оның жұмысымен байланыстырады.