Қызылордалық сылақшы қыз Аsias Got Talent халықаралық байқауына қатысатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордалық сылақшы қыз Аsias Got Talent халықаралық байқауына қатысатын болды

Қызылордалық сылақшы қыз Аsias Got Talent халықаралық байқауына қатысатын болды

Бір күнде жұлдыз болып шыққан қызылордалық сылақшы қыз Гүлмайдан халықаралық Аsia's Got Talent байқауына қатысатын болды. Байқау ұйымдастырушылары жас әншіге хабарласып, кастингтен өткенін хабарлаған.

  • 3 Желтоқсан 2021
  • 69
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ, Гүлмайдан Сәкен Майғазиевтің қолдауымен Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясында оқуын жалғастыратын болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы блогер Дәулет Мұқаев (@dauletten) Instagram-дағы парақшасында жазды

"Нағыз талант тасада қалмайды", — деген Дәулет өзінің тарапынан да әнші Данаға қолдау көрсететінін жеткізді. Ол отандық дизайнерлермен келісіп, сахналық киім мәселесін шешуде.

"Ақын Олжас Отар Дана үшін әннің сөзін жазып беретінін айтты. Ең кереметі Данаға "Аsia's Got Talent" жобасынан хабарласып, кастингтен өткенін хабарлапты. Енді @anwi_dana халықаралық додада бақ сынамақ.
Инста оқырмандары 1000-нан 40000-ға өсті. Мінеки, бұның барлығы 48 сағатта болып жатқан өзгеріс. Happy end деген осы", — деді Дәулет.

Айта кетейік, құрылыста жүріп ән салған Дананың видеосы
әлеуметтік желіде
кеңінен таралып кеткен еді. Кейіннен продюсер Жан Мұқановтың Данаға ән жазып бергені белгілі болды. Сондай-ақ, су жаңа әнші Stan.kz ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында өмірі мен өнері, 2 күнде қалай жұлдызға айналғаны жөнінде айтып берді.

Соңғы жаңалықтар