Оның мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі уақытта олар қамауға алынған, киіктердің мүйіздері тәркіленген, тергеу жүргізілуде. Облыс фаунасына келтірілген шығын 7 млн теңгеден асады.
«Олар (қамауға алынғандар — агенттік ескертпесі) «Ырғыз-Торғай» ұлттық табиғи резерватында көзге түсті. Олар Toyota Land Cruyzer көлігімен осы сирек жануарға аңға шыққан. Олар өздерімен бірге өздерін қуған көліктің дөңгелегіне тастайтын металл «тістерді», мотоциклдің қосымша камераларын алған. Бұның барлығы бұл топтың ұйымдасып жұмыс істегеніне дәлел бола алады», — деп хабарлады С. Гусев.
Сонымен қатар, күдіктілер құқық қорғау органдарын адастыру үшін көліктерінің алдына алматылық, ал артына қарағандылық нөмірлерді іліп қойған.
Инспекцияның хабарлауынша, қазіргі таңда Ақтөбе облысында 40 мың ғана киік қалған. Осыдан 20 жыл бұрын миллион бас болған жануардан қалғаны осы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті