Қызылорданың тұрақтандыру қорында азық-түлік бұзылып кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорданың тұрақтандыру қорында азық-түлік бұзылып кеткен

Қызылорданың тұрақтандыру қорында азық-түлік бұзылып кеткен

Былтыр Қызылорда облысында тұрақтандыру қорындағы 200 тоннадан астам пияз, 44 тонна сәбіз бен 6 тонна қырыққабат тұтынуға жарамсыз болып қалған.
Себебі, сақтау талаптары өрескел бұзылған. Сөйтіп, әлеуметтік маңызы бар агроөнімдер дүкен сөресіне дейін жетпеген. Одан бөлек әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының азық-түлік тауарларын нарық бағамынан жоғары бағада сатып алғаны әшкереленді.

  • 1 Қыркүйек 2022
  • 44
Фото - Caravan.kz

Карантин кезінде картоп пен сәбіз 39 миллион теңге қымбат алыныпты. Тиімсіз жобаларды қаржыландырған «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы бизнесті дамытуға бағыттаған 3 миллиард теңгесін қайтара алмай отыр. Бұл бағытта несие төлеуші кәсіпкерлерге қатысты 150 іс сотқа жолданды. Жалпы тұрақтандыру қорының соңғы 3 жылдық қызметіне талдау жүргізген жұмысшы топ,,, мекеме басшылығының бос лауазымдарға мамандарды іріктеу тәртібін де дұрыс ұйымдастырмағанын анықтады.

Нұржан Оспанов, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің өкілі:

— Біз сыбайлас жемқорлыққа әкелуі мүмкін деген 20-дан аса ұсынымдар бердік. Соның алдын-алу және жою бойынша ұсыным бердік.


Ғабит Тобажанов, "Байқоңыр" ӘКК өкілі: —

Соның 14-15 орындадық. Қалғаны уақыт талабына сай орындалатын дүние. Келісім-шарттарға өзгеріс енгізу, қызметкерлердің функционалдық міндеттерін ауыстыру, сотқа беретін талап-арыздарды беру, бақылауды күшейту, GPS камера орнату оған шамалы қаражат керек.