Қызылжарлықтардың қымызды бұлайша қастерлеуінде үлкен мән бар. Өткені тарихшылардың тұжырымына сенсек, біздің дәуірімізге дейін бес мың жылдай бұрын жылқы малы дәл осы өңірде қолға үйретіліпті. Бұл сусынға әсіресе ораза айында сұраныс көп. Осыған орай Қызылжарда өткен шараға көп таралған сары қымыз, бал, түнек, құлан қымыздары әкелінді. Арасында соңғы жылдары теріскейде кең танылап келе жатқан, өзге өңірлерге әлі таңсық сүр қазы қосылған қымыз да бар. Қазылар алқасының мүшелігіне де бұл жолы шенеуніктер емес, қымыздың бабын білетін жандар шақырылыпты. Олар емдік сусынның дәмін татып, оны жасайтындардың үздігін анықтады. Сөйтіп, Тайынша ауданынан келгендер бәрінен озық деп танылды.
Гүлфайра Сыздықова, фестивальге қатысушы:
-Сары қымыз ауруға ем, күшті қуат береді, әр түрлі дәрумендері бар, біздің өзіміздің қазақтың ең үздік тағамы .