Қызылжарлық студенттер сабаққа жаппай ұлттық киім киіп келе бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылжарлық студенттер сабаққа жаппай ұлттық киім киіп келе бастады

Қызылжарлық студенттер сабаққа жаппай ұлттық киім киіп келе бастады

“Сабаққа ұлттық киіммен!”. Қызылжарлық студенттер ел жастары арасында осындай үндеу тастады.

  • 18 Наурыз 2017
  • 717
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы КТК хабарлайды.

Бұған атсалысқан тоғыз шаһардағы жоғары оқу орындарының шәкірттері бүгін лекцияларда түрлі ұлттық киімдерін киіп жүр.

4545

Петропавлдағы студенттер жылдағы наурыз мерекесін осылайша ерекше атап өтуді ұйғарыпты. Ондағы мақсат – тек қазақ халқының ғана емес, өзге де ұлттардың киімдерін насихаттау. Сондықтан болар, кітапханада армян, украин, орыс халқының да киімдерін киген қыздар жүр.

8988

Бұл идеяны жастармен қоса, оқытушылар да қолдаған. Олардың бүгін камзол мен шапан киіп тұрып өткізген лекцияларын ешкім әбес көрген жоқ.

7474

Қызылжар студенттерінің бұл идеясына Астана, Көкшетау, Павлодар және Алматы жастары да қосылыпты. Сөйтіп, олар ғаламторға фотоларын салып жатыр.

8585

“Мына костюмді бір құдалықта бас құда болғам, сонда сыйлаған. Үйде жататын. Ертең киіз үйге киеміз тағы да”, – дейді М.Қозыбаев атындағы СҚМУ оқытушысы Мұхтар Бақтыбаев.

Соңғы жаңалықтар