Қызынан айырылған ана: Қызымды көлігімен қаққан жігіттің отбасы қоқан-лоққы көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызынан айырылған ана: Қызымды көлігімен қаққан жігіттің отбасы қоқан-лоққы көрсетті

Қызынан айырылған ана: Қызымды көлігімен қаққан жігіттің отбасы қоқан-лоққы көрсетті

Анасының көлігін мінген жеткіншек 22 жастағы қызды қағып өлтірді. Жол апаты Қызылорданың қақ ортасында болды. Сүлейменов пен Нұрмақов көшелерінің қиылысында жаяу жүргінші жолағынан өтіп бара жатқан бойжеткенді қатты жүйіткіген Лексус автокөлігі басып кеткен. 

  • 9 Қаңтар 2019
  • 114
Фото - Caravan.kz

Әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген зардап шегуші төрт күн ес-түссіз жатып, тілге келместен көз жұмған. Ал, көлік тізгіненде анасының көлігін ұрлап мініп кеткен 10-сынып оқушысы отырғаны белгілі болған. Марқұмның туған-туыстары күдікті жауаптан жалтарып кете ме деп қауіптеніп отыр.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Мына «Пусан» кафесінің алдында осы жерде бір машина тұр екен қыз баланы қағып. Мен тоқтайтын жер таппай айналып келіп, тротуарға тұрғанымда уже ол баланы тиеп жатыр екен, қыз баланы Лексус автомашинасына, басынан қан кеткен» — дейді қала тұрғыны Қыстаубай Оспанов.

Қыстаубай Оспанов жол апатын алғаш болып көрген куәгерлердің бірі. Оның айтуынша, оқиғадан соң соң қансырап, ес-түссіз жатқан жатқан бойжеткенді белгісіз біреулер жеке көлікке тиеп, алып кеткен. Кейін ол адамдардың апатқа кінәлі 14 жастағы жеткіншектің туыстары екені анықталды. Олар Саиданы қалалық ауруханаға апарыпты. Ал, ондағылар болса жедел жәрдем бригадасынсыз жеткізілген зардап шегушіні қабылдаудан бас тартыпты. Содан соң өлім аузында жатқан жанды күдіктінің жақындары қаланың екінші басындағы облыстық медициналық орталыққа жеткізген.

«Науқасқа бас ми жарақаты, бас миының соғылуы, бас миының диффузды-аксональды зақымдалуы, бас миының ісінуі және ишемиялды диагнозы қойылды. Науқасқа 28-нен бастап бізде реанимация бөлімінде қарқынды ем жүргізілді. Жүргізілген емге қарамастан 1 қаңтар, 2019 жылы сағат 16:30-да науқас қайтыс болды» — дейді облыстық медицина орталығы директорының орынбасары міндетін атқарушы Алмас Әбілпатта.

Ал туыстарының ішінде Саиданы тірідей соңғы рет көрген анасы екен. Нартай Абдуллаеваның айтуынша, сол күні екеуі кешкі серуенге шығып, қайтар жолда қызы дүкенге сусын алуға кірген екен. Өзі болса еш алаңсыз үйіне кетіпті. Қайғыдан қан жұтқан ана кінәлілер бірнеше күн өткен соң үйлеріне келіп айқай-шу шығарғандығын айтып, налиды.

«Шығарып жатқан күні келді де: «Неге айқайлап жылайсың?» деп айқайлап тұр ол кісілер. Жәй айтып тұрған жоқ, мен ойладым бұл кісі не деп тұр, маған көңіл айтуға келген адамдар екен деп ойладым мен. Не айтып тұр десем? Соғыста да 41 жылы қанша адам қырылып кетті дейді. Менің қызым соғысқа қатысқан жоқ қой. Соғыс емес қой бұл енді. Еще айқайлап, гонормен, ол бізді адам санап тұрған жоқ ол жерде, бір жәй айтып көңіл айта ма, кешірім сұрай ма десем. Ондай ой жоқ ол кісілерде» — дейді марқұмның анасы Нартай Абдуллаева.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, рөлде болған жеткіншек өз кінәсін толық мойындаған. 
Қазір бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр екен. Оған дейін күдікті анасының қарауына беріліпті. Аймақ полиция департаментіндегілер де тергеу жүріп жатыр дегеннен басқа ақпарат бермей отыр. 

"Қызылорда қаласында орын алған жол-көлік оқиғасына дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен және 349-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жұмыстары Полиция департаменті басшысының және Облыс прокурорының ерекше бақылауында". ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ХАБАРЛАМАСЫ

Алайда марқұмның туыстарының тергеу жұмыстарына көңілдері толмай отыр. Әлі күнге дейін бір тергеуші келіп мән-жайды да сұрамапты.

«Жол-көлік оқиғасы болған күні мен анаммен осында келдім. Көліктер тым көп болды. Менің сіңлімді осы жерде қағып кетті. Ауруханаға бара жатқанымызда осы жердің барлығы қан еді. Жансақтау бөліміне барып, қайта үйге оралғанымызда анам қаққан жерді өзіміз барып, дұрыстап көрейік деді. Келгенімізде бұл жерден бір тамшы қан таба алмадық» — дейді марқұмның әпкесі Сәния Абдулла. 



Марқұмның туыстары кінәлілер өз қылмыстарын жасыру мақсатында осындай әрекеттер жасап отырғандарын айтады. Қолда бар деректерге сүйенсек, күдіктінің әкесі қалаға белгілі кәсіпкерлердің бірі екен. Тіпті, жуырда шаһардың құрметті азаматы деген атақ та алыпты. Облыстық денсаулық сақтау департаментінде де ықпалды жақындары бар көрінеді. Ал, қара жамылған отбасы мұның бәрі тергеуге кедергі келтіре ме деп қауіптенеді. Бұған негіз де жоқ еместігін айтады. Өйткені,  Абдуллаевтар отбасы бір аптадан бері Саиданың қайтыс болғанын растайтын куәлікті белгісіз бір себептермен ала алмай отыр. 

Соңғы жаңалықтар