Жарияланды: 410

Радиоактивті жүк партиясы Қазақстан аумағы арқылы кедергісіз өтіп кеткен

Қостанай. 12 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Радиоактивті жүк партиясы Қазақстан аумағы арқылы кедергісіз өтіп кеткен, деп хабарлайды агенттік тілшісі Ресей Федерациясының Магнитогорск облыстық кеденінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Магнитогорск облыстық кеденінің қызметкерлері транзиттік тауар тиелген пойызды ұстаған. Металл қалдықтары тиелген бір вагонда инспекторлар қатерлі радиоактивті сәулені тіркеген, деп хабарлайды кеденнің баспасөз қызметі. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "1 қыркүйекке қараған түні Карталы Теміржолдағы өткізу бекетінің кеден қызметінің жауапкершілігі аймағына Қазақстаннан Ресей аумағы арқылы Молдоваға бет алған тауар пойызы келіп жеткен". "Тексеру барысында бір инспектордың спектрометр-радиометрі бірнеше мәрте радиоактивті фонды көрсеткен. Металл қалдықтары тиелген бір вагоннның жанында аспап сыртқы сәуленің дозасының қуаты сағатына 4 микроЗивертті құрайтынын көрсеткен. Бұл адам үшін қауіпті деңгейден бірнеше есе артық. Гамма-сәуле шығарушы көз - техногендік висмут-207 мен медициналық технеций-99 болып шыққан. Қажетті шаралардан кейін вагон Қазақстанға кері қайтарылды", - деп хабарлайды кедендегілер. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін