Рахат Әлиевтің Мальтадағы активтеріне тыйым салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Рахат Әлиевтің Мальтадағы активтеріне тыйым салынды

Рахат Әлиевтің Мальтадағы активтеріне тыйым салынды

Мальта қылмыстық соты Қазақстан президентінің бұрынғы күйеу баласына тиесілі активтерге тыйым салуға ордер берді, деп Malta Today газеті мәлімдеді.

  • 6 Наурыз 2014
  • 373
Фото - Caravan.kz

Р.Әлиев 2008 жылы Алматыда екі банкирді өлтіргені туралы іс бойынша австриялық соттың тергеуіне алынды. Мальтаның ақша жылыстау туралы тексеруі Крефельде (Германия) жүргізіліп жатқан осындай тексеруге қосымша болып табылады.

Газеттің мәліметі бойынша, Р.Әлиев пен оның қазіргі әйелі Эльнара Шораздың активтеріне тыйым салуға ордер берілді.

Басылым Мальтадағы Р.Әлиевтің қатысы бар бірқатар компанияларды келтірді.

Ордер Р.Әлиев пен оның зайыбына, сондай-ақ аталмыш компанияларға кез келген жылжитын және жылжымайтын мүлікті беруге немесе басқаның иелігіне өткізуге тыйым салады.


Мақалада Danckert Spiller Richter Barlein заңгерлерінің мәліметіне сүйене отырып келтірілгендей,Р.Әлиев Мальтаға 100 млн еуродан астам ақша аударған.