Рамазан айы аяқталып, қасиетті мейрам - Ораза айт басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 465.74
  • 531.08
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Рамазан айы аяқталып, қасиетті мейрам - Ораза айт басталды

Рамазан айы аяқталып, қасиетті мейрам - Ораза айт басталды

Бүгін  30 тәулікке созылған Рамазан айы аяқталып, әлемдегі барлық мұсылман қауымы үшін қасиетті мейрам - Ораза айт басталды. Осыған орай таңертең еліміздің барлық мешітінде айт намазы оқылды.  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та халықты исламдағы ең ұлық мерекемен арнайы құттықтады.

  • 9 Тамыз 2013
  • 598
Фото - Caravan.kz

Таңмен таласа тұрғандар Алла үйіне асығып келеді. Бүгін иісі мұсылман баласы 30 күн оразадан кейін алғашқы Айт намазын оқу үшін Елордадағы «Әзірет Сұлтан»  мешітіне жиналып жатыр. Іште ине шаншар орын жоқ. Алла алдында қара да, хан да тең. Сондықтан жамағатпен бірге Дін Істері Агентігінің төрағасы Қайрат Лама Шәріп те құлшылық етуге келіпті. Ал сағат тілі таңғы алты жарымды көрсеткенде, айт намазы оқылды.

Намаздан соң жамағат айт мейрамын тойлауды бастап кетті. Осы күнге аман-есен жеткендеріне шүкіршілік етіп, бір-біріне игі тілектерін білдірді.

Алдағы үш күнде әрбір мұсылманның шаңырағында дастархан жайылып, қонақтар шақырылады. Бұл күндері қайырымды істер жасау сауап. Жоқ-жітік шаңырақтарға қолұшын созу ләзім. Себебі қасиетті Рамазан — береке мен бірлік, қайырымдылықтың айы болса, Ораза айт адамдардың жан дүниесін қуанышқа бөлейтін, кірбіңнен тазалайтын ұлық мереке.

Қайрат Жолдыбайұлы, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы:


— Жақсы тілек айту да бұл мұстақап. Сауапты амалдар болып табылады. Бір жыл бойы ренжіскен ағайындар болса, қасиетті  Рамазан айында бір-бірін кешіруі тиіс.

Сауапты іс демекші, бүгін Алматы қаласының Орталық мешіті  әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың ауыр жүгін аз да болса жеңілдетті. 2  млн. теңгеге төрт жүзден астам ұл-қызға мектеп құралдарын алып берді.

Нұрбек Есмағанбет, Алматы қаласы орталық мешітінің бас имамы:

— Дәптер, қаламсап алуға да қиналып қалатыны белгілі. Осыны ескеріп Қазақстан діни басқармасы Зекет қорымен бірлесіп, Орталық мешіт осы шараны ұйымдастырып отыр.

Ал  отыз күн аузын бекіткен жамағат қасиетті Рамазан айымен қимай қоштасып жатыр. Енді алдағы үш күнде айтшылап сауапты істер жасауға жазсын. Алла  Оразадан оразаға аман есен жеткізгей деген тілек бар. Айттарыңыз қабыл болсын, ағайын!