Рамазан айының құрметіне «Тегін такси» қызмет көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Рамазан айының құрметіне «Тегін такси» қызмет көрсетті

Рамазан айының құрметіне «Тегін такси» қызмет көрсетті

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бастамасымен Рамазан айының құрметіне «Тегін такси» қызметін ұйымдастырды.

  • 21 Маусым 2016
  • 748
Фото - Caravan.kz

Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті мен қалаға қарасты қалалық мешіттердің бірігуімен барлығы 27 жеңіл көлік қала тұрғындарының игілігіне қызмет жасады.

Атап айтар болсақ, «Сыбаға», Жайна», «Сұлтан» сауда орталықтары мен халық көп шоғырланатын орындарда аталмыш жеңіл көліктер жүгі бар халықты тегін тасыды.

«Рамазан айының құрметіне халыққа қызмет көрсету, қасиетті айдың келуіндегі қуанышты сезіндіру, сауапты амалдардың маңыздылығын

ұғындыру, қайырымдылық көрсету, халыққа жеңілдік жасау мақсатындағы бұл шараның маңызы зор», — деп атап өтті өкіл имам Талғат Сейіткәрімұлы.

Игі бастама жұртшылық көңілінен шығып, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттандырылды, деп хабарлады Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар