Жарияланды: 330

Ратко Младичтің жақтастары наразылық шарасын ұйымдастырды

Сербияда Ратко Младичтің жақтастары наразылық шарасын ұйымдастырды. Белградтың орталық көшелеріне шыққан мыңдаған тұрғын шерумен ғана шектелмей, тәртіп сақшыларымен қақтығысқа барып, қаланы ойрандап кетті.

Наразылық шарасын елдің радикалдық партиясы ұйымдастырған. Генералдың босатылуын талап еткен белсенділер тәртіп сақшыларына қарсы тас пен шөлмек лақтырып, жақын маңдағы ғимараттарды қиратып кеткен. Қақтығыс барысында ондаған адам ауыр жараланып, 70-ке тарта белсенді қамауға алынды. Естеріңізге сала кетсек, Югославия әскерінің бұрынғы генералы Ратко Младич өткен аптада Белградтың түбінде қолға түскен.  1992-96 жылдары босниялық серб жасақтарына қолбасшылық еткен ол Балқан түбегіндегі қақтығыс кезінде Сребреница қаласына басып кіріп, сегіз мыңнан аса мұсылманды атып өлтірген деп айыпталуда. Жақын күндері ол Гаага трибуналының алдында жауап бермек. Мұндай шешімді өткен аптада Белградтың арнайы соты қабылдады. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть