Ресей АЭС құрылысы бойынша Қазақстанға тағы да өз әзірлемелерін ұсынбақ –елші - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей АЭС құрылысы бойынша Қазақстанға тағы да өз әзірлемелерін ұсынбақ –елші

Ресей АЭС құрылысы бойынша Қазақстанға тағы да өз әзірлемелерін ұсынбақ –елші

Ресей АЭС құрылысы бойынша Қазақстанға өз әзірлемелерін ұсынуға дайын, деп мәлімдеді Қазақстандағы РФ елшісі Михаил Бочарников.

  • 16 Мамыр 2014
  • 802
Фото - Caravan.kz

"Президент (Нұрсұлтан Назарбаев – "ИФ-Қ") АЭС салу туралы нақты шешім қабылдағандықтан, біз бұл процестен тысқары қалмаймыз деп санаймын. Бізде Қазақстанға ұсынуға тұрарлық қызықты жобалар бар", деді ол Атырауда журналистерге.

Тұтас алғанда, ресейлік бизнес елеулі дәрежеде қазақстандық аумаққа қарай ауысып отыр, өйткені мұнда, Қазақстанда Ресейге қарағанда салық салу жүйесі тиімдірек, деді елші.

"Біз қазір капиталдардың ауысуын, бірлескен кәсіпорындардың құрылуын,бизнестің өзіне анағұрлым қолайлы жағдай іздестіріп жатқандығын байқап отырмыз", деді М.Бочарников.

2006 жылы қараша айында Қазақстан үкіметі Маңғыстау облысында Ақтаудан 10 шақырым жерде жылдам нейтронмен жұмыс істеп келген бұрынғы атом энергокомбинаты базасында АЭС салуды дайындау туралы қаулы қабылдаған болатын. Қазір өндіріс таратылған, отын утилизациялануда, комбинат болса ұлттық "Қазатомөнеркәсіп" құрамына берілген. АЭС-ын ресейлік және еуропалық өндірістің қуаттылығы орташа ВБЭР-300 реакторлары базасында салу көзделген болатын. Алайда артынан Маңғыстау облысында АЭС салудан мүлдем бас тарту туралы шешім қабылданған.

Биыл қаңтар айында президент Н.Назарбаев үкіметке 2014 жылдың бірінші тоқсанның соңына дейін атом электр станциясын орналастыру мәселесін шешуді тапсырды. Алайда сәуір айының соңында индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің атом энергиясы жөніндегі комитетінің төрағасы Мәжит Шәріпов бұл мәселемен айналысатын арнайы басқару компаниясын құру қажеттілігін айтты, ол компания "Самұрық-Қазына" құрамында құрылмақ.