Ресей Ақтөбе облысына жеткізіліп тұратын электр қуатының бағасын арттыруы ықтимал - әкімдік - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей Ақтөбе облысына жеткізіліп тұратын электр қуатының бағасын арттыруы ықтимал - әкімдік

Ресей Ақтөбе облысына жеткізіліп тұратын электр қуатының бағасын арттыруы ықтимал - әкімдік

Ақтөбе. 28 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Ресей Ақтөбе облысына жеткізіліп тұратын электр қуатының бағасын арттыруы ықтимал. Бұл туралы жұма күні "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" электр тасымалдау желісінің құрылысы жөніндегі ведомствоаралық топтың көшпелі отырысының барысында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Мәлік Серікбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 28 Шiлде 2008
  • 441
Фото - Caravan.kz

«Биылғы жылдың басында біздің өңіріміз электр қуатын алып отыратын РАО «ЕЭС России» өнімінің бағасын 32,5 пайызға қымбаттатты. Және қазіргі таңда Ресей тағы да баға өсіруді көздеп отыр», — деді М. Серікбаев. «Кеңестік кезеңнен бері Қазақстанның біртұтас энергетикалық жүйесіне енгізілмеген Ақтөбе облысының халқы жақын болашақта бізде өзіміздің қосалқы станциямыз болады дегенге аса қуанышты», — деп хабарлады ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті