Жарияланды: 710

Ресей БАҚ-тарына шолу: Теңгеден орыс тілінің түсіп қалғанына ресейліктер алаңдаулы

Ресей БАҚ-тарына шолу: Теңгеден орыс тілінің түсіп қалғанына ресейліктер алаңдаулы Сурет - АиФ

Ресейлік БАҚ Қазақ елі жайлы не жазуда?

Caravan.kz медиа порталы ресейлік БАҚ-тарына шолу жасады.

Қазақтар орыс тілінен бас тартуда

Бұдан былай Қазақстандағы банкноттар мен монеталар орыс тілінде жазылмайды.

Қазақстанның теңгесінде банкноттар мен монеталарда орыс тілінің болмайтыны жайлы бұйрықты Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаев шығарған.

Бұл туралы "Уралинформбюро" басылымы хабарлайды.

«Банкноталар мен монеталарды жасауда қолданылатын жазулардың мәтіні мемлекеттік тілде жазылады. Дегенмен, инвестициялық және коллекционарлық монеталардың дизайны шет тілдерінде жазылады », - делінген құжатта. Орыс тілі Қазақстанда өте кең таралғанмен, бірақ ресми тіл емес.

Хоккей. Михаил Захаров: Қазақтар барлық жағынан бізден алда. Екі жыл бұрын біз оларды тіпті назарымызға алмаған едік.

«Юность» бас бапкері Михаил Захаров 2019 жылғы әлем чемпионатының қорытындысы бойынша элитаға оралу үшін Белорус ұлттық құрамасының мүмкіндіктері туралы айтты, - деп жазады "Прессбол" басылымы.

Беларусь ұлттық құрамасының элитаға қайтып оралу мүмкіндігін қалай бағалайсыз?

Мүмкіндік бар, бірақ біз өте әлсізбіз. Қазақтардың қазір барлық жағынан бізден алда келе жатқаны белгілі. Екі жылдай бұрын біз оларды тіпті назарымызға да алмаған едік. Бүгінгі таңда, жастар командасы тапсырманы орындап, Континенталь кубогын олардың командасы жеңіп алды (біздің құрама өте әлсіз болды). Сондықтан, қазақтардың ұлттық құрамасының бірінші болатынына күмәнім жоқ.

Захарова Қазақстанның теңгесінің орыс тілінен бас тартуы жайлы өз ойын айтты

Ресей Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мария Захарова Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың орыс тілінің теңгеден алып тастауы туралы бұйрығы жайлы өз айын айтты.

Бұл туралы Inforeactor.ru басылымы хабарлайды.

Дипломаттың айтуынша, мұндай шешімдер мемлекеттің жеке ісі болып табылады. Дегенмен, Ресей орыс тілін жетік меңгеруге мүмкіндік беріп отырған Қазақ елін құрмет тұтады. Сондай-ақ, көрші елде орыстардың салт-дәстүрі сақталып тұр, бұл жағдайды Захарова жіті бақылап отырғандарын айтты.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы банкноттар мен монеталар орыс тілінде жазылмайтыны туралы бұйрық шығарған болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін