Жарияланды: 550

Ресей Федерациясының Федералдық антимонополиялық қызметінің жетекшісі ТМД елдері арасындағы авиациялық тасымал билеттерінің бағасын "ессіз шарықтаған баға" деп санайды

Астана. 1 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Ресей Федерациясының Федералдық антимонополиялық қызметінің жетекшісі Игорь Артемьев бүгін журналистерге берген сұхбатында ТМД елдері арасындағы авиациялық тасымал билеттерінің бағасын "ессіз шарықтаған баға" деп сипаттады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бүгінде ТМД кеңістігінде бірлескен тексерулер жүргізетін штаб жұмыс істеп жатыр, оның ТМД елдері арасындағы авиациялық тасымал саласындағы бәсекелестік ахуалы туралы бірінші баяндамасы тыңдалады, онда біз авиакеросин бағасы мен ТМД шеңберіндегі жолаушылар тасымалының әсіре шарықтап кеткен билет бағасын зерттедік. Ол ТМД Экономикалық кеңесінде қаралды",- деді "Бұл баяндама 14 қарашада үкімет басшыларының Молдовада өтетін отырысында қаралатын болады", деді И.Артемьев. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть