Ресей Федералдық ғарыш агенттігінің ірі құрылымы басшысынан айырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей Федералдық ғарыш агенттігінің ірі құрылымы басшысынан айырылды

Ресей Федералдық ғарыш агенттігінің ірі құрылымы басшысынан айырылды

Жер үстіндегі ғарыш инфрақұрылымын пайдалану орталығының бас директоры Александр Фадеев жұмыстан кету жөнінде арыз жазды. А.Фадеев 19 жылдық тарихы бар Ресейғарыш кәсіпорнын 14 жыл басқарып келді, деп хабарлады Утро.ру.

  • 6 Желтоқсан 2013
  • 702
Фото - Caravan.kz


«Коммерсантъ» басылымының жазуынша, Фадеев қызметтен кететіндігі жөнінде шешімді 4 желтоқсан күні кешке қабылдап, 5 күні таңертең Ресейғарыш басшысына қол қоюға жіберілді. Басылымның ақпаратына қарағанда, Фадеевтың кетуі оның Ресейғарышының жаңа басшылығымен түсінісе алмауымен байланысты. Ал ведомствода «бұл оның өз шешімі, сондықтан оны сыйлауымыз керек» деп мәлімдеді. Фадеевтің өзі болса, қызметінен кететіндігі жөнінде арыз жазғанын растады, алайда кетуге не себеп болғанын айтудан бас тартты.