Ресей, Германия және Ирандық компаниялар "Солтүстік-оңтүстік" көлік дәлізін пайдалану жөніндегі консорциум құрмақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 522.91
  • 548.85
-15 °C
Алматы
2024 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей, Германия және Ирандық компаниялар  "Солтүстік-оңтүстік" көлік дәлізін пайдалану жөніндегі консорциум құрмақшы

Ресей, Германия және Ирандық компаниялар "Солтүстік-оңтүстік" көлік дәлізін пайдалану жөніндегі консорциум құрмақшы

Ресей, Германия және Ирандық компаниялар "Солтүстік-оңтүстік" көлік дәлізін пайдалану жөніндегі консорциум құрмақшы. Бұл туралы РФ вице-премьері Владимир Яковлев мәлімдеме жасады,- деп хабарлайды РФ үкіметінің баспасөз қызметінен.

  • 4 Тамыз 2003
  • 688
Фото - Caravan.kz

В.Яковлевтің айтуынша, консорциум құру жөніндегі ұсыныс алдағы 2-3 жылда нақты жоба түрінде жүзеге аса бастауы мүмкін. «Солтүстік-оңтүстік» көлік дәлізі — Ресей үшін халықаралық қоғамдастықпен қарым-қатынас жасауға ең қолайлы мүмкіндіктердің бірі деді вице-премьер.

Оның айтуынша, » тасымал торабы Үндістаннан бастап Иран және Ресей, одан әрі Каспий теңізі арқылы, Орталық Ресейдегі темір және автокөлік жолдары арқылы Солтүстік батысқа және Орталық Еуропаға дейінгі тасымалдау операцияларын жедел жүзеге асыруға жол ашатын аса тиімді магистраль болып табылады».
В.Яковлевтің айтуынша, көлік дәлізінің тиімді жұмыс істеуі үшін бірқатар реконструкциялық, атап айтсақ, шлюздар ауқымын кеңейту бағытындағы шараларды жүзеге асыру қажет. Сонымен қатар Астрахань, Оля және Махачкала айлақтарының қуатын арттыру да күн тәртібінде деді вице-премьер. Аталмыш айлақтардың жұмысына тың серпін беру арқылы Ресей Каспий бассейні арқылы өтетін жүктердің басым бөлігін өзіне қарай бұра алады дегенге вице-премьердің сенімі кәміл.
Оның айтуынша, консорциум құру арқылы көлік дәлізін дамытуға қосымша инвестициялар тартуға мүмкіндік бар.