Ресей Кедендік одақ мемлекеттеріне бидайды экспорттауға тыйым салды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей Кедендік одақ мемлекеттеріне бидайды экспорттауға тыйым салды

Ресей Кедендік одақ мемлекеттеріне бидайды экспорттауға тыйым салды

Мәскеу. 19 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Ресейдің премьер-министрі Виктор Зубков 30 сәуірге дейін Кедендік одақ мемлекеттеріне бидайды экспорттауға тыйым салу жөнінде қаулыға қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 19 Ақпан 2008
  • 477
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, РФ сыртқы істер министрлігі және РФ экономикалық даму және сауда министрліктеріне кедендік одаққа кіретін Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанмен кеңес өткізу тапсырылды.

Баспасөз қызметі айтқанындай, мұндай қаулы Кедендік одақтық айқара ашық шекаралары арқылы төмен бағамен бидайды тасымалдауды алдын алу үшін шығарылды.»Бұл шара Ресей енгізген экспорттық баж салығын төлемей, Кедендік одақ мемлекеттері арқылы ресей бидайын қайта сатуға жол бермеу мақсатында қолданылып отыр. Қаулы ресми түрде баспасөздерде жарияланғаннан бір айдан кейін күшіне енеді», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті