Ресей мен Беларусьтан импортталатын сүттің сапасы сын көтермейді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей мен Беларусьтан импортталатын сүттің сапасы сын көтермейді

Ресей мен Беларусьтан импортталатын сүттің сапасы сын көтермейді

Кеден Одағында тауар үшін кезекті дау! Қазақстанның сүт өндірушілері Ресей мен Беларустық әріптестерін «әділетсіз бәсекелестік» орнатты деп айыптауда.

  • 30 Қазан 2013
  • 189
Фото - Caravan.kz

Саудасы тұралаған отандық кәсіпкерлердің сөзінше, Ресей мен Беларусьтан  импортталатын сүттің сапасы сын көтермейді. Құрамында өсімдік майы өте көп. Сәйкесінше, құны төмен болуы тиіс. Алайда шетелдік өндірушілеруді  жергілікті супермаркеттер қолдап сойылын соғып отыр. Көрші мемлекеттен тасымалданған өнімді Қазақстандағы бағамен қасақана теңестіріп қойған деп өкпелері қара қазандай. Осының кесірінен елімізден шығатын сүтке сұраныс азайып, өтпей жатыр. Енді үлкен шығынға батқалы тұрғын жергілкті  кәсіпкерлер іске Үкіметтің араласуын талап етуде.


Аида Сапарғазинова, Қазақстан Сүт өндірушілер одағының тең төрайымы:

Бұл не деген бассыздық? Өз өнімдерінің бағасын біздің сүттің құнымен теңестіріп қояды. Шұғыл реттеу керек. Мәселен, Ресейден жеткен сүттің қорабында құрамында не бар екені жазылмаған. Бұл тұтынушыларды алдау ғой?