Ресей мен Өзбекстан алдағы бес жылға арналған экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей мен Өзбекстан алдағы бес жылға арналған экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын қабылдады

Ресей мен Өзбекстан алдағы бес жылға арналған экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын қабылдады

Мәскеу. 7-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Ресей мен Өзбекстан алдағы бес жылға арналған экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын қабылдады. Кремльде екі елдің президенттері Владимир Путин мен Ислам Кәрімов арасында өткен келіссөздер нәтижесі бойынша осындай құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 7 Ақпан 2008
  • 409
Фото - Caravan.kz

Екі ел президенттері бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Сонымен қатар, Ресей мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы мен аталмыш бағдарламаның 2008-2012 жылдарға арналған шаралар жоспарына қол қойылды.

Екі елдің Сыртқы істер министрліктері 2008 жылға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды.

Сондай-ақ, екі елдің үкіметтері арасында авиақұрылыс саласындағы ынтымақтастық және мемлекеттік «В.П. Чкалов атындағы Ташкент авиациялық өндірістік бірлестігі» АҚ мен Ресейдің «Біріккен авиақұрылыс корпорациясы» арасындағы интеграция жөніндегі келісімдерге қол қойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті