Ресей мұнайдың экспорттық баж салығы мөлшерлемесін тоннасына 275,4 АҚШ долларына дейін ұлғайтты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей мұнайдың экспорттық баж салығы мөлшерлемесін тоннасына 275,4 АҚШ долларына дейін ұлғайтты

Ресей мұнайдың экспорттық баж салығы мөлшерлемесін тоннасына 275,4 АҚШ долларына дейін ұлғайтты

Алматы. 3-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Үстіміздегі жылдың 1-желтоқсанынан бастап Ресей сыртқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын баж салығының мөлшерлемесін 25,1 АҚШ долларына көтерді. Енді ол тоннасына 275,4 АҚШ долларын құрап отыр, деп хабарлады "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 3 Желтоқсан 2007
  • 612
Фото - Caravan.kz

Агенттіктің ақпаратына сүйенсек, «бұл рекордтық көрсеткіш соңғы кездері байқалып отырған мұнай бағасының жоғарылауымен байланысты туындап отыр».

«Ресей Федерациясының үкіметі екі айда бір рет Ресейден шығатын мұнай және мұнай өнімдерінің экспорттық баж салығын Urals маркасындағы ресей мұнайының бағасын екі айлық мониторингтен өткізу негізінде арнайы формула бойынша қайта қарап отырады», — деп хабарлайды агенттік.

Агенттіктің мәліметтеріне сүйенсек, Ресейден шығатын ашық түсті мұнай өнімдерінің баж салығының мөлшерлемесі тоннасына 197,8 АҚШ долларын (бұрын тоннасына 181$) құраса, қара түсті мұнай өнімдеріне тоннасына 106,6 $ (бұрын тоннасына 97,5$) құрап отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті