Жарияланды: 540

Ресей Оңтүстік Осетиядағы қақтығысты тудырғандарды жауапкершілікке тартуды және халықаралық тергеу жүргізуді талап етеді - Ресейдің Қазақстандағы елшілігі

Астана. 12 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Ресей Оңтүстік Осетиядағы қақытығысты тудырғандарды жауапкершілікке тартуды және халықаралық тергеу жүргізуді талап етеді. Бұл туралы бүгін Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы елшілігінде өткен баспасөз мәслихатында Қазақстандағы РФ істерін жауаптанған уақытша сенімді өкіл Владимир Спринчан мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Ресей басшылығы бұл әрекеттерді халықаралық қылмыс деп есептейді", - деп атап көрсетті В. Спринчан. "Халықаралық қоғамдастық қайбір тараптың іс-әрекеті халықаралық қылмыс деп таныған бұрынғы Югославияда болған жағдайларды еске түсірсек, ол бойынша арнайы трибунал құрылған. Оның қазіргі күнге дейін қалай жұмыс істеп жатқандығын сіздер жақсы білесіздер", - деді ол. "Бір жарым мыңнан астам бейбіт тұрғын опат болған, мандатын сол Грузияның өзі бекітіп берген бітімгерлердің өлтірілгені неліктен жауапсыз қалуға тиіс?" - деді Ресей елшілігінің өкілі. "Ресей басшылығының талаптары халықаралық қоғамдастыққа, халықаралық заңдық құқықтық қоғамдастыққа арналған. Ол қаншалықты мүмкін болатын жайт - оны жоғарғы халықаралық форумдар шешетін болады. Ал бұл талаптардың әділетті екендігінде еш күмән жоқ", - дегенге сенімді В. Спринчан. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін