Агенттік ақпаратына сәйкес, В. Путин тұщы су қорын үнемдеуге шақырды. Тұщы судың әлемдік тапшылығын Ресей үкімет басшысы мұнай, газ және металл жеткіліксіздігімен салыстырды. «Табиғаттың тартқан сыйымен судың ең ірі қоры Ресейде шоғырланған. Бірақ біз осы байлықты босқа ысыраптап, тиімсіз пайдаланып отырмыз», -деп мәлімдеді кеше премьер-министр Ростовта су ресурстарын пайдалану тиімділігі жөніндегі кеңесті аша отырып.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті