Ресей Қырғызстан экономикасына ресейлік бизнестің қатысуын ынталандыратын болады
Бішкек. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Ресей Қырғызстан экономикасына ресейлік бизнестің қатысуын ынталандыратын болады. Бұл туралы Ресей үкімет басшысы Владимир Путин өзінің қырғызстандық әріптесі Игорь Чудиновпен кездесуде айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. |
"Өкінішке орай, әзірге инвестициялар көлемі аздау, бірақ мен Қырғызстан президенті де, премьер-министрі де Ресей бизнесі үшін тартымдырақ жағдай жасалуы үшін бәрін жасайды деп сенемін және біз де Ресей бизнесінің сіздің экономикаға атсалысуын ынталандыратын боламыз", - деді Владимир Путин.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін