Ресей тарихын жаттап келген Байқоңырдағы қазақ мектептері Білім министрлігінің қарамағына өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей тарихын жаттап келген Байқоңырдағы  қазақ мектептері Білім министрлігінің қарамағына өтті

Ресей тарихын жаттап келген Байқоңырдағы қазақ мектептері Білім министрлігінің қарамағына өтті

«Президентім - Путин» деп бала оқытатын Байқоңырдағы қазақ мектептерін Қазақстан өз қарамағына қайтып алды. Қыркүйектен бастап Ресей жалға алған ғарышкерлер қаласындағы 6 мектеп пен 1 балабақша отандық стандартқа көшетін болды. Тиісті заңды бүгін Сенат мақұлдады. 

  • 26 Маусым 2015
  • 269
Фото - Caravan.kz

Аслан Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым министрі:

-Сол жердегі қазақ тілді мектептер, тұрғындар осындай мәселені көтерді. 7 жылдың ішінде жұмыс істедік. Бірақ, өткен жылы ғана ресейлік әріптестерімізбен бірлесіп,  келісімге қол қойдық.

Байқоңырдағы ұл-қыздардың Ресейдің тарихын жаттап, көрші елдің бағдарламасымен білім алып жатқаны талайдан бері көтеріліп жүрген. Енді жаңа оқу жылынан бастап Байқоңырдағы  6 мектепке қазақ оқулықтары  таратылып, шәкірттер Қазақстанның стандартымен оқитын болады. Біздің  жүйені толық меңгерген ұстаздарды жұмысқа тартып, керек-жарақпен қамту үшін 3 жылға бюджеттен 4 миллиард теңге бөлінген. Қалған 8 мектеп әзірше Ресей бағдарламасымен оқи бермек.