Қырым болса орыс, украина және қырым-татарлардікі болып қала бермек.
"Қымбатты достар, сөзімді тыңдасаңыздар, деймін. Ресейді алға тартып, қорқытып, Қырымнан кейін басқа да аймақтар солай істейді, деп шу шығарып жатқандарға сенбеңдер. Біз Украинаның бөлінгендігін қаламаймыз. Бізге ол керек емес", деді ол сейсенбіде Кремльде украина халқына сөзін арнаған кезде.
"Қырымға келер болсақ, ол орыс, украина және қырым-татарлардікі болып қала бермек", деді В.Путин Федералды Жиналысқа арнаған арнайы жолдауында.
"Ол ғасырлар бойы сонда тұрып жатқан халықтар өкілдерінің туған үйі ретінде қала бермек. Бірақ ол ешқашан да бандеровтік болмайды", деді РФ президенті.