Жарияланды: 430

Ресей ұшағының жолаушылары компанияның берешектеріне байланысты 12 қыркүйектен бері Қарағандыдан ұша алмай отыр

Қарағанды. 16 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Ресей ұшағының жолаушылары компанияның берешектеріне байланысты 12 қыркүйектен бері Қарағандыдан ұша алмай отыр, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қарағандыдағы 5-ші телеарнаға сілтеме жасап.

"Германия мен Мәскеуге бет алған жолаушылар бірнеше күннен бері Қарағандыдан ұша алмай отыр. Оған себеп, Ресейдің әуе желілері Қарағандыдағы "Сарыарқа" әуежайына 200 мың доллардан астам қаржы берешек", - деп хабарлады "Сарыарқа" әуежайының өндіріс жөніндегі вице-президенті Михаил Сакович. "Біз оларға көп шағым жаздық. Бірақ Ресей әуекомпаниясы үнсіз. Олар бізге бес рейстің бағасын төлеген жоқ", -деді М. Сакович. Ресей әуекомпаниясының ресми өкілі Михаил Роменский телефон арқылы берешекті өтеу үшін бәрі жасалып жатқанын жеткізді. Бірақ қазір төлем тым баяу қайтарылуда, бір жолда 18 - 20 мың доллардан ғана ақша аударылуда. Рейс жолаушылары ашулы. Олар бүгінге дейін ыстық тамақпен және жатар орынмен қамтамасыз етілген жоқ, оған өздері шығындануға тура келді. Көбінің ақшасы таусылып, жұмыстарынан кешігіп қалған. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть