«Әзірбайжан осы мәселе бойынша, атап айтқанда, әзірбайжан телеарнасының Ресей Федерациясының аумағындағы телекөрсетілімі талаптары бойынша біздің ұсыныстарымызбен және шарттарымызбен танысты. Енді біз әзірбайжан жағының жауабын күтіп отырмыз», — деді дипломат.
Бұдан бұрын Әзірбайжанның Ұлттық телерадиохабарлар тарату кеңесі ресейлік «РТР-Планета» телеарнасының Әзірбайжандағы ұлттық жиіліктерінде және әзірбайжандық «АзТВ» телеарнасының Ресей Федерациясы аумағында таралуын жүзеге асыруды техникалық қамтамасыз етуді қарастыратын келісімді ұсынған болатын.
Ұлттық телерадио хабарлар тарату кеңесінің 11 шілде күнгі шешіміне сәйкес, ресейлік «Бірінші» телеарнасының Әзірбайжанның ұлттық жиілігінде таралуы тоқтатылған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті