Ресей журналисі Ілияс Шурпаевты өлтіргендер сот алдына шығады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей журналисі Ілияс Шурпаевты өлтіргендер сот алдына шығады

Ресей журналисі Ілияс Шурпаевты өлтіргендер сот алдына шығады

Душанбе. 2 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Ресей журналисі Ілияс Шурпаевты өлтіру оқиғасы бойынша қылмыстық істің материалдары Тәжікстанның Жоғарғы сотына жөнелтілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 2 Шiлде 2008
  • 399
Фото - Caravan.kz

«Бұл қылмысты істеуге күдікті Масрурджон Ятимов пен Наджмиддин Мухиддиновті алдын ала тергеу аяқталысымен Тәжікстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 3 бабы бойынша айып тағылды. Ол баптар — 104 (Кісі өлтіру), 249 (Тонау) және 255 (Мүлікті қасақана жою немесе оған зақым келтіру)», — деп хабарлады Тәжікстан Республикасының Бас прокуратурасының ерекше істер жөніндегі басқармасының бастығы Баходур Хамидов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті