Ресейде бір түннің ішінде 15 мың гектар орман өртенді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейде бір түннің ішінде 15 мың гектар орман өртенді

Ресейде бір түннің ішінде 15 мың гектар орман өртенді

Ресей аумағында табиғи өрт оқиғалары салдарынан 15 мыңнан астам гектар орманды жер жойылды, деп хабарлады ТАСС  Ресей орман шаруашылығы ведомствосына қарасты «Авиалесоохрана» қызметіне сілтеме жасап.

  • 24 Мамыр 2016
  • 340
Фото - Caravan.kz

«Бір тәуліктің ішінде 24 475 га жер отқа оранды, соның ішінде 15 347 га — орманды алқап», — делінген хабарламада.

Орман шаруашылығының аймақтық диспетчерлік қызметтерінің ақпаратынша, өткен тәулікте жалпы аумағы 13,3 мың гектар жерді жалмаған 131 орман өртін сөндіру мүмкін болды. Жалынмен күреске шамамен 5,5 мың адам қатысты.

Ең ірі өрт ошақтары Амур облысы, Забайкалье және Бурятияда.