Ресейде тағы бір әлем чемпионын ұрып өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейде тағы бір әлем чемпионын ұрып өлтірді

Ресейде тағы бір әлем чемпионын ұрып өлтірді

Пауэрлифтингтен әлем және Еуропа чемпионы ресейлік Андрей Драчевті Хабаровскіде өлтіріп кетті деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі le

  • 20 Тамыз 2017
  • 457
Фото - Caravan.kz

Пауэрлифтингтен әлем және Еуропа чемпионы ресейлік Андрей Драчевті Хабаровскіде өлтіріп кетті деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru- ға сілтеме жасап.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, спортшы бір дәмхананың алдында мас бұзақымен жанжалдасып қалған. Артынша бір топ жас келіп Драчевті аяусыз соққыға жыққан. Жедел жәрдем зардап шегушіні аурухана жеткізгенмен, ол реанимация бөлімінде қайтыс болды.

Шілде айында Байкал жағасында еркін күрестен Еуропа чемпионы 20 жастағы Юрий Власконы өлтіріп кеткен болатын. Тергеу деректері бойынша, Бурятия астанасында өткен жарыстан соң бірнеше спортшы Байкалға демалуға барған. Түн ішінде маңайдағы ауыл тұрғындарымен арада жаппай төбелес болып, белгісіз біреу Власконың кеудесінен пышақ салып жіберген.


Соңғы жаңалықтар