Ресейде Wildberries қоймасындағы өрт: қазақстандықтар өз тапсырысын ала ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейде Wildberries қоймасындағы өрт: қазақстандықтар өз тапсырысын ала ма?

Ресейде Wildberries қоймасындағы өрт: қазақстандықтар өз тапсырысын ала ма?

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевқа Санкт-Петербургтегі Wildberries қоймасында болған өрттің қазақстандықтарға әсері туралы сұрақ қойылды.

  • 16 Қаңтар
  • 5
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Үкімет брифингінде министрге қазақстандық сатушылардың мүлкі мен қазақстандықтар жасаған тапсырыстарға зиян келмеді ме деген сұрақ қойылды.

"Санкт-Петербургте шыққан өрт Wildberries қоймасының шамамен 3,5 пайызы болады. Ресей бойынша 100-ден аса орын бар. Бүгінде біздің сатушыларға қандай (зиян келді — еск.), қанша тауар зақымдалғаны туралы нақты ақпарат бізде жоқ. Тергеу, санау және тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жеткізу мүмкіндіктеріне келетін болсақ, БАҚ көлік паркіне зақым келмегенін, жалпы тауарларды сақтау және өңдеу орындарында жеткізу жүріп жатқанын, олардың көпшілігі Ресейдің орталық бөлігінде орналасқанын жазды", — деп жауап берді Арман Шаққалиев.

Соңғы жаңалықтар