Ресейдегі Ашулық полигонында "Жауынгерлік достастық-2007" оқу-жаттығуларының белсенді кезеңі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейдегі  Ашулық полигонында "Жауынгерлік достастық-2007" оқу-жаттығуларының белсенді кезеңі басталды

Ресейдегі Ашулық полигонында "Жауынгерлік достастық-2007" оқу-жаттығуларының белсенді кезеңі басталды

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 22 тамыз. АЛМАТЫ. Ресейдің Астрахань облысындағы Ашулық полигонында ТМД-ның біріккен әуеден қорғаныс жүйесінің "Жауынгерлік достастық-2007" оқу-жаттығуларының екінші кезеңінің белсенді фазасы басталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ТМД Атқару комитетіне сілтеме жасап.

  • 22 Тамыз 2007
  • 424
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқу-жаттығулардың екінші кезеңіне 3 мыңнан астам әскери, 30-дан астам ұшақтар мен тікұшақтар қатысуда Авиация саласы 100-ден астам ұшулар жасамақ».

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, » ТМД-ның біріккен әуеден қорғаныс жүйесі мен Әскери-әуе күштері топтарының жауынгерлік әрекеттерін ТМД елдерінің әскери мекемелерінің басшылары қадағалайды, олар оқу-жаттығу аймағына келді».

«Оқу-жаттығулар барысында 20-дан астам зенитті және авиациялық зымырандар пайдаланылады», — деді генерал-лейтенант Владислав Стыценков Ресейдің «Новости» агенттігіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, «С-300» зенитті зымыран жүйесінің бестен астам зымыраны қанатты және баллистикалық зымыран ролін атқаратын нысаналарды атуға пайдаланылады. Ол жауынгерлік атыстарды Ресей мен Беларусьтің зенитті зымыран жүйесінің «С-300» , сондай-ақ, Қырғызстанның «С-25» жүйесінің атқыштары жүзеге асырады деп атап өтті. Генералдың айтуынша, сонымен қатар Ресей мен Беларусьтің Су-27, Ми-29 және Су-25 ұшақтарынан да зымырандар атылмақшы.