Ресейдегі ілеспе мұнай газын тиімді пайдалану үлкен пайда әкелуі мүмкін - зерттеу - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейдегі ілеспе мұнай газын тиімді пайдалану үлкен пайда әкелуі мүмкін - зерттеу

Ресейдегі ілеспе мұнай газын тиімді пайдалану үлкен пайда әкелуі мүмкін - зерттеу

Алматы. 25 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Мұнаймен бірге шығарылатын және көбінесе шырақтарда жағылатын ілеспе мұнай газын тиімді пайдалану үлкен пайда әкелуі мүмкін. Дүниежүзілік банк аясында қызметін іске асырып отырған Мұнайдың ілеспе газын өртеу көлемін азайту жөніндегі жаһандық серіктестіктің атынан және соның ықпал етуімен "Пи-Эф-Си Энерджи Интернейшнл" компаниясының жүргізген зерттеу нәтижелері осыны көрсетеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Дүниежүзілік банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 25 Шiлде 2008
  • 503
Фото - Caravan.kz

Зерттеушілер жүргізген есептеулер қазіргі уақытта жағылып жатқан Ресейдің мұнайдағы ілеспе газ көлемінің 80 пайызына дейін жоғарғы экономикалық тиімділікпен пайдаланылуы мүмкін. Ол жыл сайын бірнеше миллиард АҚШ доллары көлеміндегі пайда түсіріп, ауаға шығарылатын көмірқышқыл газын жылына 80 млн тоннаға азайтуға мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті