50 жастағы қызметкердің жоғалғанын естен шығарған әріптестері, оны тек бірнеше сағаттан соң ғана іздеуге кірісіпті.
Бұл туралы nz1.ru хабарлайды. Өкінішке орай, ер адамға полиция да, дәрігерлер де көмектесе алмаған.
“Ол наубайхана секциясында жұмыс істеді. Оның мұздататын камерада қанша уақыт болғандығын ешкім білмейді”, – дейді супермаркет қызметкерлерінің бірі.
Ер адам қайтыс болған камераны қараған полицейлер, тоңазытқыш камерасының есігіндегі тұтқа да кемістік бар екенін анықтаған. Сол себепті ол қайта аша алмай қалған болуы мүмкін. Әзірге аталған дерек бойынша зерттеу жалғасып жатыр.