Осылайша 18 адам бірден орнын босатты. Думаның депутаттарын халықаралық ұйымнан кетіруді 160 депутат қолдап, дауыс беріпті. 11-і қалыс қалып, тек 42-сі ғана қарсы шыққан. Енді ресейліктер мына кең залда өзге елдермен иық тірестіріп отыра алмайды. Халықаралық маңызды істерге араласуға да мүмкіндіктері жоқ. Оған басты себеп, әрине, Украинадағы жағдай. Парлементтік ассамблеяның өкілдері енді Ресей Украинаның аумақтық тұтастығын қалпына келтірмейінше қатарымызға алынбайды деп отыр. Ал ресейлік депутаттар ашумен тарқасты.