Институт басшылығының айтуынша, 2023 жылдың 19 ақпанында РФ Ұлттық ұланының Саратовтағы Әскери институтында білім алған 3 курс курсанты Ибрашев К.С. ауыр жарақат алады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы kriminal kazakhstan-ға сілтеме жасап.
Хабарламада курсанттың қызметтік міндетін атқарғаны, қаруды тапсырғаннан кейін ол жарақатты өзі жасағаны, соның салдарынан өлімге әкелгені айтылған.
Оқиғаның егжей-тегжейлері белгісіз.
Айта кетейік, марқұм Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметкері болған.
Бұған дейін Жамбыл облысындағы сарбаздың қазасына қатысты тың дерек те шыққан болатын.