Ресейдің бас прокуроры Мұхтар Әблязовты Қазақстанға бермейтіндерін ашық айтты
Мұхтар Әблязов Ресей түрмесінде жазасын өтеуі мүмкін. Мәскеу алаяқ банкирді Қазақстанға беруден бас тартып отыр. Бұл жайында бүгін Астанаға келген Ресейдің бас прокурорының өзі мәлімдеді. |
Юрий Чайка, Ресей Федерациясының Бас прокуроры:
- Мұхтар Әблязовты экстрадициялау мәселесі шешілсе, ол Қазақстанға берілмейді. Мұны Франция да қолдап отыр. Енді мемлекеттік кеңес деңгейінде соңғы шешім қабылдауы тиіс. Соны күтіп отырмыз.
Әблязовты экстрадциялау жайында тиісті қаулыға Францияның премьер-министрі Мануэль Вальс қыркүйек айында қол қойған болатын. Құжатты енді Париждің жоғарғы соты бекітуі тиіс. Бұл қашқын банкирдің пайдасына шешілмесе, Әблязов Ресей түрмелерінің біріне қамалуы мүмкін. Ал Мәскеуден бөлек, оны Украина мен Қазақстан да өздеріне алып соттауға мүдделі. Қазір Әблязов 2 жарым жылдан бері Франция түрмесінде экстрадициясын күтіп отыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін