Ресейдің тағы бір қаласында жарылыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейдің тағы бір қаласында жарылыс болды

Ресейдің тағы бір қаласында жарылыс болды

Ресейдің Ростов-на-Дону қаласында мектеп жанында жарылыс болды, деп хабарлайды Baq.kz шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап. Жедел қызмет қыз

  • 6 Сәуiр 2017
  • 812
Фото - Caravan.kz

Ресейдің Ростов-на-Дону қаласында мектеп жанында жарылыс болды, деп хабарлайды Baq.kz шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Жедел қызмет қызметкерлері оқиға орнына аттанды. Нақтыланған ақпаратқа сүйенсек, төтенше жағдай мектеп жанында болған.

«№ 5 лицей күзетшісі мектеп аумағын аралап жүрген кезде жерде қалта шамына ұқсас зат жатқанын байқаған. Оны көтере бергенде, жарылыс болды», — деп жазады БАҚ.

Салдарынан ер адам бір саусағынан айырылды, сондай-ақ кеуде тұсын күйік шалған. Күзетші ауыр халде ауруханаға жеткізілді.


Қазір аталған іске қатысты тексеріс жүріп жатыр.