Бұл ресей актері Алексей Паниннің сахна сыртындағы айғайы. Маңындағыларды боқтап, күллі қазаққа тіл тигізіп, кісімсініп тұр. Спектакльдің алғашқы бөлімін тамашалағандар оның екінші жартысын күтіп отырған. Осы кезде өлердей мас болып, аяғын әрең басқан Панин сахнаға шығып кетіп, барлығын боқтай жөнеліпті. Билетке 2 жарым мың теңге төлеп, ресейліктердің өнерін тамашалауға келгендер осыдан соң өре түрегеліп, залдан шығып кеткен. Облыстық театр олардың барлығына билет ақысын қайтаруға мәжбүр болды. Ал ақшасын санап алған Панин аузына келгенін айтып, сол күйі ізін суытқан.