Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бастапқыда бұл бейнежазба белгілі ресейлік блогер Гусейн Гасановтың Instagram-парақшасында жарияланды. Желі қолданушылары патрульдік көлік блогердің көлігіне арнайы жол ашып жүргеніне таңғалған
Алматы полициясының өзіндік қауіпсіздік басқармасы бұл дерек бойынша қызметтік тексеріс жүріп жатқанын хабарлады.
Айта кетсек, Гасанов өз елінде бірнеше рет жол ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылған. Яғни, 2020 жылы көлік нөмірін жасырғаны үшін, ал 2021 жыл 26 шілдесінде мас күйінде көлік жүргізді деп күдікке ілінген. Алайда медициналық тексеруден өткізбек болғанда блогер полицейлермен барудан бас тартқан.