Ресейлік блогер жол апаты болғанға дейін әлеуметтік желіде жазба жариялаған - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейлік блогер жол апаты болғанға дейін әлеуметтік желіде жазба жариялаған

Ресейлік блогер жол апаты болғанға дейін әлеуметтік желіде жазба жариялаған

Блогер Саид Губденский Telegram-арнасында Мәскеудегі Кутузовский даңғылында болған жол-көлік оқиғасында қайтыс болғанға дейін жазба жариялаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kzтілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

  • 21 Қараша 2021
  • 33
Фото - Caravan.kz

Сағат 13.35-те ол жақында сатып алынған BWM M4 фотосуретін жариялаған. Жазба жарияланғаннан кейін 1,5 сағаттан соң әлеуметтік желілерде апат туралы ақпарат шыға бастады.

Дәл осы шетелдік көлікте ол жол апатына ұшырады. Губденский көлікті қайғылы оқиғадан 11 күн бұрын сатып алып, бұл туралы өз оқырмандарына хабарлаған.

Сонымен қатар, сенбі күні түстен кейін блогер Instagram желісіндегі әңгімесінде Мәскеуде Gelandewagen-пен жарысып, жол талғамайтын көліктің жүргізушісіне ерсі қылық көрсеткені туралы видео жариялады. Бұған дейін ол өз оқырмандарына көлікті сағатына 150 шақырым жылдамдықпен қалай жүргізетінін көрсеткен.

Губденский, прокуратураның мәліметінше, бұған дейін жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.


 

 

Соңғы жаңалықтар