Жарияланды: 340

Ресейліктер кеме апатынан қаза болғандарды аза тұтады

Бүгін Ресейде кеме апатынан қаза тапқандарды аза тұту үшін қаралы күн деп жарияланды.

Федералдық телеарналар жарнама мен әзіл-сықақтық бағдарламаларды көрсетілім кестесінен алып тастады. Қазір елде апат құрбандарымен қоштасу рәсімдері өтіп жатыр. 12-шілдені Ұлттық аза тұту күні деп жариялаған президент Дмитрий Медведев те өзінің жұмыс кестесіне өзгертулер енгізді. Бүгін мемлекет басшысы Калининград облысына баруы тиіс болатын. Теплоход өткен жексенбі күні Куйбышев су қоймасына батып кеткен. Кемедегі 200 шақты адамның 80-ге жуығы құтқарылды. Сүңгушілердің айтуынша, балалардың ойын алаңы орналасқан бөлмеде 40 шақты баланың мәйіті жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін