Респубикада "Көкнәр-2008" жедел-алдын алу іс-шаралары одан әрі жалғасуда - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Респубикада "Көкнәр-2008" жедел-алдын алу іс-шаралары одан әрі жалғасуда

Респубикада "Көкнәр-2008" жедел-алдын алу іс-шаралары одан әрі жалғасуда

Астана. 16 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Респубикада есірткімен күресуші полиция қызметкерлері "Көкнәр-2008" жедел-алдын алу іс-шаралары барысында есірткінің аса ірі мөлшерін тәркілеу бойынша жұмыстарды жалғастыруда, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 16 Шiлде 2008
  • 447
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің қызметкерлері 13 шілдеде Алматы қалысы ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, 25 жастағы есірткі сатушы жігітті ұстады.

«Жеке тексеру барысында ұсталған азаматтың шалбарының қалтасынан Алматы қаласында таратуға арналған 332 грамнан артық героин табылды»,- делінген хабарламада.

Сол күні Қостанай облысының ІІД қызметкерлері Қарабалық ауданының Қарабалық ауылындағы «Шеп» бекетінде Қостанай-Челябинск бағытындағы «Mercedes Benz» автобусын ұстады.

Автобуста келе жатқан Ресей Федерациясы азаматшасының сөмкесінен 3 кг героин табылып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта есірткіні әкелу және сату арналарын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті