Республика үкімет басшысы "Болашақ" бағдарламасының ғарыш саласы бойынша білім алатын студенттерінің санын ұлғайту мүмкіндігін қарастыруды тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республика үкімет басшысы "Болашақ" бағдарламасының ғарыш саласы бойынша білім алатын студенттерінің санын ұлғайту мүмкіндігін қарастыруды тапсырды

Республика үкімет басшысы "Болашақ" бағдарламасының ғарыш саласы бойынша білім алатын студенттерінің санын ұлғайту мүмкіндігін қарастыруды тапсырды

Астана. 1 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов ҚР Білім және ғылым министрлігіне "Болашақ" бағдарламасының аясында ғарыш саласына байланысты мамандықтар бойынша білім алатын студенттерінің санын ұлғайту мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Ол бүгін агенттіктің алқа мәжілісінде осындай тапсырма берді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" тілшісі.

  • 1 Ақпан 2008
  • 569
Фото - Caravan.kz

«Ресей жағымен студенттерді оқытуға бөлінетін квотаны ұлғайту жөнінде жұмыстар жүргізу қажет, мен Білім және ғылым министрлігіне «Болашақ» бағдарламасының аясында ғарыш саласының болашақ мамандарына арналған квотаны ұлғайту мәселесін дәйектеуді тапсырамын», — деді Кәрім Мәсімов.

«Тұтастай алғанда, Ресей біздің басты стратегиялық әріптесіміз болғандықтан, және екі елдің арасында тамаша қарым-қатынас бар екеніне байланысты біз осы елдің көмегімен тиісті мамандар шоғырын дайындап шығару жөнінде келісімге келе аламыз деп ойлаймын», -деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті