Республика үкімет басшысы Экономика министрлігі ұсынған 2007 жылғы бюджетке енгізілетін өзгерістерді қолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республика үкімет басшысы Экономика министрлігі ұсынған 2007 жылғы бюджетке енгізілетін өзгерістерді қолдады

Республика үкімет басшысы Экономика министрлігі ұсынған 2007 жылғы бюджетке енгізілетін өзгерістерді қолдады

Астана. 16 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Үкіметтің бүгін өткен отырысында республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 16 Қазан 2007
  • 570
Фото - Caravan.kz

«Мен бұл ұсыныстарды толық қолдаймын, үкімет басшысының кеңсесіне заң жобасының мәтінін мәжіліске ұсынуды тапсырамын», — деді Кәрім Мәсімов.

«Ертең мәжілісте өтетін отырыста бұл өзгертулер қабылданады. Мәжіліс депутаттары тарапынан мәселе оң шешімін тапқан жағдайда, біздің тез арада алға жылжуымыз үшін 2007 жылға арналған республикалық бюджетке екнгізілетін өзгерістерді қысқа мерзімде қарауды сұрап сенатқа өтініш жасаймыз», — деді премьер.

Бұған дейін өткен үкіметтің отырысында еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтановтың хабарлағанындай, «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында ағымдағы жылға арналған Жалпы ішкі өнімнің номиналдық көлемінің болжамы бұған дейінгі жоспармен салыстырғанда 851 млрд теңгеге ұлғайтылды, соның нәтижесінде Жалпы ішкі өнімнің номиналдық көлемі 13, 315 трлн теңге көлемінде болжанып отыр. «Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша бюджет түсімдері осы жылға арналған жоспардан 7,7 %-ке асыра орындалған, сол себепті бюджеттің кіріс бөлігін 175,1 млрд. теңгеге нақтылау ұсынылып отыр»,- деді экономика министрі.

Оның айтуынша, салық түсімдері 89 млрд теңгеге, экономикалық өсімнің есебінен 14,7 млрд. теңгеге және сыртқы сауда айналымының есебінен 32,4 млрд. теңгеге, сондай-ақ, жазылатын бонустар бойынша бір мәрте түсімдердің есебінен 32,5 млрд. теңгеге және абсқа да факторлардың есебінен 9,3 млрд теңгеге артады.

«Салық емес түсімдер 80,8 млрд теңгеге, соның ішінде мүлікті заңдастыру үшін жиналатын алымдардың есебінен және басқа да бір мәртелік түсімдерден 73, 3 млрд теңгеге артпақ», — деді министр.

«Сыртқы және ішкі несиелік рынокта қалыптасқан ахуалға байланысты үкіметтің несиелерінің көлемін азайту үшін бюджет тапшылығы 41,5% млрд теңгеге қысқартылды. Сөйтіп, бюджеттің шығыс бөлігінде таратылатын жалпы қаржы көлемі 155, 7 млрд теңгені құрады», — деді Б. Сұлтанов.

Оның айтуынша, бұл қаржы «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» АҚ-ның (20,5 млрд теңге), «Қазақстанның ипотекалық ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры» АҚ (1 млрд теңге), «Самғау» АҚ (12,2 млрд теңге), сондай-ақ, «»Қазына» Тұрақты даму қоры» АҚ (122 млрд теңге) шығындарын арттыруға жұмсалады.

«Нәтижесінде 2007 жылға арналған нақтыланған бюджет параметрлері мынадай болмақ: түсімдер 2 трлн 273,3 млрд теңге ( Жалпы ішкі өнімге шаққанда 17,1%), шығыстар 2 трлн 503 млрд теңге (Жалпы ішкі өнімге шаққанда 18,8%), тапшылық 229, 6 млрд теңге (жалпы ішкі өнімге шаққанда 1,7%) «, — деді Б. Сұлтанов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті