«Кітап, басылымдарды көркемдік өңдеу және ғылыми редакторлық жасау, тәржіманың сапасын қамтамасыз ету үшін авторлардың, аудармашылардың, суретшілердің және басқа да санаттағы шығармашылық қызметкерлерінің қызметіне лайықты ақы төлеу мәселесін дәйектеу қажет», — деді Кәрім Мәсімов.
«Бізге Қазақстан тарихы, археологиясы, этнографиясы мен мәдениетіне қатысты сапалы әрі топтамалық басылымдар қажет», — деді премьер.
Сонымен бірге Кәрім Мәсімовтың айтуынша, » «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жүргізілген ғылыми зертетулер нәтижесінде жинақталған жаңаша әрі жүйелі мәліметтерді оқулықтар мен оқу бағдарламаларарына енгізу мәселесін шешу қажет».
Ол бұған қоса «Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын туристік инфрақұрылымның аса маңызды тармағы ретінде қарастыру қажет», деді.
«Ол үшін елімізде тарихи-мәдени мұраны насихаттау және оларды сақтау, зерттеу ошақтары ретінде этномәдени орталықтар мен қорық-мұражайлар құру қажет», -деп санайды үкімет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті